СҰРАҚ - ЖАУАП
Релиф пен алкогольдің үйлесімділігін зерттеген арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ, себебі Релиф препараттары жергілікті түрде қолданылады және оның жүйелік биожетімділігі шамалы. Бекітілген қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда этанолмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ешқандай белгілер жоқ, бұл олардың үйлесімділігін көрсетеді. Дегенмен, Релиф суппозиторийі мен алкогольді біріктіру жөн емес, себебі Релиф геморрой кезінде тағайындалады1, ал спирттік өнім осы патологияда қарсы көрсетілген.
Суппозиторий түріндегі Релиф препараты қабыну симптомдарын жеңілдету үшін геморрой мен анус жарықтары кезінде тағайындалады.2 Сирек жағдайларда негізгі әрекет етуші зат - фенилэфринге немесе қосалқы түр түзейтін компоненттерге аллергия3 бар кезде Релиф суппозиторийінен кейін күйдіру байқалуы мүмкін. Егер күйдіру суппозиторийді тікшек арқылы енгізгеннен кейін пайда болса, онда сіз препаратты қолдануды тоқтатып, маманнан кеңес алуыңыз керек.
Геморрой шыққан жерді емдеуді таңдағанда Релиф жақпа майы немесе суппозиторийінің қайсысы жақсы деген сұрақ туындауы мүмкін бе? Бірінші нұсқа (жақпа май) негізінен аурудың сыртқы көріністері байқалғанда ұсынылады, ал суппозиторийді анус жолы патологиясы (ішкі геморрой) жағдайында қолдану ыңғайлырақ. Жақпа майды ішкі геморрой түріне қолдануға болады.4 Маман Релиф суппозиторийін аурудың өту барысының ерекшеліктерін ескеріп тағайындай алады.
Релиф тағайындалғаннан кейін көптеген пациенттерде Релиф геморройға қалай әсер етеді деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Медициналық қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарға сәйкес Релиф препаратының әсері оның негізгі компоненті фенилэфриннің альфа-адреномиметикалық әсеріне негізделген. Бұл зат веналық тамырлардың қабырғаларында орналасқан тегіс бұлшықет жасушаларының адренорецепторларына әсер етеді, осылайша олардың тарылуын тудырады және геморрой буындары аймағындағы ісінуді, қызаруды және қышуды азайтады.5
Релифтің жарамдылық мерзімі 2 жыл. Осы мерзім өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды. Суппозиторийдің жарамдылық мерзімі жақпа майдікіндей. Бұл ретте препаратты сақтау 25°C-дан аспайтын температурада жүзеге асырылуы керек.
Релиф суппозиторийін сақтау туралы тағы не білуіңіз керек? Ең бастысы – препаратты балалардың қолы жетпейтін және сақталатын жерді таңдау. Релиф суппозиторийін қайда сақтау керектігі туралы басқа ұсыныстар жоқ.
Балаларға Релифті қолдануға бола ма деген сұраққа жауапты препаратты медициналық қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтан табуға болады. Онда Релиф брендімен препараттарды 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану қарсы көрсетілетіні туралы айтылған. «Балаларға арналған Релиф суппозиторийі» препараты әзірленбеген, ал 12 жастан асқан балаларға Релиф суппозиторийлері мен жақпа майы ересектерге арналған сұлба бойынша қолданылады: жақпамайды зақымдалған аймаққа тәулігіне 4 ретке дейін жұқа қабатпен жағыңыз. Немесе суппозиторийді тәулігіне 4 ретке дейін тік ішекке енгізіңіз.1
Нұсқаулыққа сәйкес, Релиф простатит кезінде қолданылмайды.6 Егер ауру жағдай геморроймен немесе тік ишек жарықтарымен және анустың қышуымен қосарланса, онда препаратты проктолог дәрігер немесе хирург кешенді емдеу аясында тағайындай алады. Осылайша, простатит кезінде Релиф жақпа майы мен суппозиторийі препаратты қолдану көрсеткіштерінің тізіміне енгізілген, қатар жүретін аурулардың бар кезінде ғана қолдануға болады.
Кейде пациенттер Релифтен кейін дәретханаға барғысы келетін жағдайға тап болады. Егер мұндай жағдай жиі пайда болса, онда маманмен кеңесу қажет. Дегенмен, препарат ішекті босатудан кейін қолданылғандықтан көбінесе мұндай ұмтылыстар ағзаның тік ішекке суппозиторийді енгізуге реакциясы болып табылады. Бұдан өзге, суппозиторий анальды сфинктерді тітіркендіруі мүмкін, бұл дәретке отыру ұмтылысына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Релиф жақпа майын қолдануға болады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Релиф суппозиторийіне аллергия өте сирек жағдайларда кездеседі. Релиф суппозиторийін қолданған кезде аноректальды аймақта күйдіру, қышу, ісіну пайда болғанда маманға жүгіну қажет.
Релифтің гормондық препарат не ондай емес екенін білу үшін негізгі әсер ететін затқа назар аударуыңыз керек. Бұл - фенилэфрин гидрохлориді, ол қан тамырларын тарылтады, тіндердің ісінуін және тікшектегі қышуды азайтады. Релиф Aдванс құрамында жергілікті ауруды басатын әсерге ие бензокаин бар. Гормондық компонент тек Релиф Ультра препаратында ғана бар болады. Оның құрамында қабынуға, аллергияға қарсы және тамырды тарылту әсеріне ие гидрокортизон ацетаты бар.
Дәріханада геморрой симптомдарын жоюға арналған, рецептісіз сатылатын препараттардың бірнеше түрлерін табуға болады. Демек, кез келген адам оларды сатып алып, нұсқаулыққа сәйкес қолдана алады. Дегенмен, геморройды өз бетінше емдеу асқынулардың дамуына немесе аурудың өтуінің нашарлауына әкелуі мүмкін, сондықтан алдымен дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Геморрой неғұрлым ерте анықталса, аурудың симптомдарын еңсеру соғұрлым оңай болады. Дәп сондықтан аурудың алғашқы белгілері - қышу, күйдіру, дәретханаға бару қиындығы (ыңғайсыздық), анустағы бөгде зат, аздап қан кету пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Геморройдың түйіндерінің төмен түсуі (тіпті олар өздігінен ішіне кірген жағдайда да) аурудың өршуін көрсетеді. Бұл ретте қажет мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралуыңыз қажет.
Шырышты қабықтың атрофиясы немесе оның жұқаруы әсері күшті гормоналды препараттарды (глюкокортикостероидтар, ГКС) ұзақ уақыт қолдану аясында дамуы мүмкін. Соңғылары, өздерінің қабынуға қарсы кешенді әсерін тигізе отырып, шамадан тыс ұзақ уақыт қолданған кезде шырышты қабық жасушаларының бөліну қабілетін төмендетеді және коллагеннің (дәнекер тіннің негізін құрайтын ақуыздың) жасалуын азайтады, сондықтан шырышты қабықтың қалыңдығы мен беріктігі төмендеуі мүмкін.8
Релиф Ультра суппозиторийінің құрамында гормондық зат (гидрокортизон ацетаты) бар, ол «жеңіл» ГКС тобына жатады (1-кесте). Сондықтан, нұсқаулыққа сәйкес суппозиторийді қолданған кезде (1 апта ішінде тәулігіне 4 ретке дейін) тік ішектің шырышты қабығының жұқару қаупі жоққа дерлік төмендейді.9
1. Релиф препаратын медициналық қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық, тікшек суппозиторийлері, Қолдану көрсеткіштері бөлімі.
2. Релиф препаратын медициналық қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық, тікшек суппозиторийлері, Қарсы көрсеткіштер бөлімі
3. Релиф препаратының ресми сайты, тік ішекке және сыртқы қолдануға арналған жақпа май.
4. Релиф препаратының ресми сайты, тік ішекке және сыртқы қолдануға арналған жақпа май.
5. Релиф препаратын медициналық қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық, тікшек суппозиторийлері.
6. Релиф препаратын қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық, Қарсы көрсеткіштер бөлімі.
7. Релиф препаратын қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық, Жанама әсерлер бөлімі.
8. Батыршина С.В./ Педиатриялық тәжірибеде қабыну дерматоздарын емдеудің заманауи стратегиясында жергілікті қолдануға арналған глюкокортикостероидтар/Практическая медицина журналы, № 9 (85), 2014 жылғы желтоқсан, 94-102 беттер; https://cyberleninka.ru/article/n/glyukokortikosteroidy-dlya-mestnogo-primeneniya-v-sovremennoy-strategii-terapii-vospalitelnyh-dermatozov-v-pediatricheskoy-praktike/viewer
9. Видаль Дәрілік препараттардың анықтамалығы: Релиф Ультра препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулық: https://www.vidal.ru/drugs/Relif_ultra__9063