Геморрой пациенттердің проктолог-дәрігерге баруының ең көп тараған себебі болып табылады. Аурудың негізінде тік ішектің көктамырларының деформациясы жатыр, бұл артқы өтістік аймағының қабынуына және қатты ауырсынуға әкеледі, әсіресе дефекация актісі кезінде2,3.
Геморрой негізінен егде жастағы адамдарда кездесетініне қарамастан, қазіргі кезде ауру жас ересектерде жиі диагноз қойылады. Бұл физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігіне және ересектерде де, балаларда да отырықшы ұзақ жұмысқа/оқуға байланысты2.
Геморройдың жіктелуі және белгілері
Геморрой геморроидальды түйіндердің орналасуына байланысты (сыртқы, ішкі және аралас формалар) және емдеу сипатына қарай (жіті және созылмалы) жіктеледі2.
Әдетте, жіті түрі созылмалы процестің аясында асқынған түрінде пайда болады1. Геморройдың алғашқы белгілері келесідей көрінеді:
Кеш белгілері мен асқынулары
Бұл жағдайда анальды сақина аймағында дефекация әрекетінен кейін жүзім шоғырларына ұқсайтын кеңейтілген және деформацияланған тамырлар визуалды түрде анықталады. Бұл көріністер әсіресе аурудың сыртқы түрінде айқын көрінеді.
Бұл аурудың негізгі қауіптілігі мынада: тиісті ем болмаса, аурудың күшеюі кезінде геморроидальды түйіндердің тромбозы, анальды жарықтардың пайда болуы немесе тік ішектің жыланкөзінің пайда болуы түрінде елеулі асқынулар пайда болуы мүмкін.
Дегенмен аурудың клиникалық көрінісі әдетте жеткілікті анық болғанмен және көптеген пациенттер геморройдың қандай белгілері бар екенін білсе де, дәл диагноз қою үшін патологиялық процесті егжей-тегжейлі бағалау үшін қосымша диагностикалық әдістерді қолдану қажет1.
Диагностикасы
Бұл процесс келесі қадамдарды қамтуы мүмкін:
- Ауру анамнезін жинау
- Толық клиникалық тексеру
- Анальды рефлексті бағалау
- Тік ішектің саусақты зерттеуі
- Аноскопия
- Ректороманоскопия (эндоскопиялық камераның көмегімен тоқ ішектің шырышты қабығын зерттеу)
- Колоноскопия және ирригоскопия (онкологиялық процестерді болдырмау мақсатында 50 жастан асқан адамдар үшін міндетті рентгенологиялық әдіс)
- Тік ішектің сфинктерлік аппаратының функционалдық жай-күйін зерттеу (нәжісті ұстамау немесе ерікті дәрет алу мүмкін болмаған жағдайда)1.
Дәрігер шағымдарға, белгілерге, орналасқан жеріне және аурудың жалпы көрінісіне байланысты диагностикаға нақты қандай кезеңдерді қосатынын шешеді. Тексеруден кейін геморройдың кезеңі белгіленеді және сипаты анықталады, содан кейін практолог-дәрігер одан әрі тактиканы таңдайды.
Емдеу және алдын алу
Ол үшін талшыққа бай тағамдарды (тұтас дәнді жармалар, көкөністер, жемістер) жеткілікті мөлшерде тұтыну, сондай-ақ көп мөлшерде су ішу қажет (күніне 2-3 литр)1.
Ауру белгілерін жеңілдету және асқыну қаупін азайту үшін тамырларды тарылтатын, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы компоненттері бар жақпа майлар және тығындәрілер түрінде жергілікті емдеу қолданылады.
Егер ауру тұрақты түрде дамитын болса немесе асқынулар пайда болса, қабынған геморроидальды түйіндерді алып тастау және көктамырларды тік ішектің қабырғаларына бекіту үшін оталық немесе микрохирургиялық араласу қажет1.
1. Щелыгин Ю. А., Благдарный Л. А., Васильев С. В. и др.; КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ДИАГНОСТИКЕ И ЛЕЧЕНИЮ ВЗРОСЛЫХ ПАЦИЕНТОВ С ОСТРЫМ И ХРОНИЧЕСКИМ ГЕМОРРОЕМ 2013г. (http://www.gnck.ru/rec/recommendation_gem.pdf )
2. Благодарный М. А., Абрицова М. В., Жданкина С. Н.; Выбор консервативной терапии острого геморроя; Амбулаторная хирургия 2018; Т. 1-2, № 69-70, С 57-62. (https://cyberleninka.ru/article/n/vybor-konservativnoy-terapii-ostrogo-gemorroya/viewer )
3. Ривкин В. Л.; Современные представления о патогенезе, формах и лечении геморроя; Медицинский консилиум 2017; Т. 19, № 7.1, С 57-16. (https://cyberleninka.ru/article/n/sovremennye-predstavleniya-o-patogeneze-formah-i-lechenii-gemorroya/viewer)