45 жастан асқан адамдарда геморрой жас ересектер мен балаларға қарағанда жиі дамиды2. Жасы ұлғайған сайын мұндай таралу бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін1-3.
Сонымен қатар, 40 жастан кейін адамдар коллаген синтезінің бұзылуына әкелетін жасқа байланысты гормоналды өзгерістерді бастайды. Коллаген талшықтарының өзгеруі анальды аймақтағы тамырларға да әсер етеді, тамырлардың кеңеюі жүреді, бұл геморройдың дамуына себеп болады.1-3
Жасы ұлғайған сайын жамбас мүшелерін, атап айтқанда тік ішекті қолдайтын бұлшықеттер де әлсірейді. Сондықтан, жоғары қысымның әсерінен, мысалы, ауыр салмақты көтеру немесе дәретханада күшену кезінде анальды аймақтың көктамырлы өрімдері шығып, жарақат алуы мүмкін.1-3
Егде жастағы адамдарда геморройдың пайда болуы мен өршуінің маңызды қоздырғыш факторы іш қату болып табылады, олар көбінесе дұрыс тамақтанбау мен жүріс-тұырыс аз өмір салтына байланысты пайда болады.1
1. Lohsiriwat V. Hemorrhoidal Disease. Anorectal Disorders Diagnosis and Non-Surgical Treatments. 2019. Chapter 5. P.51-63.
2. Riss S. et al. The prevalence of hemorrhoids in adults // Int. J. 2012. Vol. 27, № 2. P. 215–220.
3. Margetis N. et al. Pathophysiology of internal hemorrhoids. Ann Gastroenterol. 2019 May-Jun;32(3):264-272.
4. Геморрой у взрослых. Клинические рекомендации, 2016.
5. Макаров И.В., Долгих О.Ю. Геморрой: Учебное пособие для студентов, интернов, клинических ординаторов и врачей. — М.: Издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», 2013. — 147 с.