Релиф®, ректальді суппозиторийлер

Қолданылуы және дозалау режимі

Препаратты гигиеналық шаралар жасағаннан кейін қолдану керек.

Суппозиторийді тік ішекке толық батырмай, анальді каналда (артқы өтіс жолының деңгейінде) қалатындай етіп енгізу керек. Суппозиторийдің негізін дәке сүрткісімен толығымен ерігенше бірнеше минут ұстау керек.

Препаратты 1 суппозиторийден таңертең, кешке және әрбір үлкен дәреттен кейін тәулігіне 4 ретке дейін 7-14 күн бойы ректальді қолданылады.

Қолдану көрсеткіштері

Релиф дәрілік препараты ересектерде және 12 жастан асқан балаларда геморрой, артқы өтіс жолының сызаттары, анальді қышыну кезінде симптоматикалық емдеу ретінде қолдануға арналған.

Қосымша ақпарат

    • препараттың әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта;
    • тромбоэмболиялық ауруда;
    • гранулоцитопенияда;
    • 12 жасқа дейінгі балаларға;
    • жүктілік және лактация кезеңінде.

    25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!