Қолдану туралы ақпарат РелиБаланс®

РелиБаланс

РелиБаланс (RelieBalance) тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасы (ББҚ) – рутинмен (флавоноидпен) күшейтілген диосминнің (Микросмин Плюс (μSMIN® Plus буферлендірілген диосминнің, Италия «Джиеллепи С.п.А.» компаниясының тауар белгісінің) және инулиннің (пребиотиктің) тіркесімі, ол қан айналымын жақсартуға, ішектің микрофлорасын қалпына келтіруге, сондай-ақ нәжістің үнемі және қою болуын (жұм- саруын) жақсартуға ықпал етеді.
Әсерлер ықпал ететін компоненттердің кешенді әрекетіне байланы- сты, олар мыналарға:

  • геморроидальдық көктамырдың ұю қаупін азайтуға,
  • қанқабырғаларындағытонустықалпынакелтіругежәнеқабынуын азайтуға,
  • нәжістің (үнемі және қою болуын) және ішектің шағын айналымын қалыптандыруға септігін тигізеді.
    Дәрілік зат болып табылмайды.

Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

No RU.77.99.11.003.R.001702.05.21 2021 ж. 20.05

Құжаттарға сәйкес жасалған

ТШ 10.89.19-002-40038509-2020

Құрамы

Инулин шәрбаты, померанец (диосмин) жемістерінің сығын- дысы (тасымалдағыштары: гуар шайыры, қараған шайыры, каль- ций карбонаты), глицериннің ылғал тұтқыш агенті, рутин, лимон қышқылының реттегіші, апельсиннің табиғи хош иістендіргіші (дәмдік хош иістендіргіш препараттар, табиғи дәмдік хош иістендір- гіш заттар, мальтодекстрин (жүгері), жаңартылған крахмал тасымал- дағышы), тұрақтандырғыштар: ксантан шайыры, гуар шайыры, кон- серванты сорбин қышқылы, тазартылған су.

Компоненттер қасиеттері

Микросмин Плюс (μSMIN® Plus) диосминнің буферлендірілген ны- саны болып табылады және микрондендірілген диосминмен са- лыстырғанда үздік сіңімділігі 9,4 есе артық. Микросмин Плюс (μSMIN® Plus) диосминнің жаңа нысаны тамыр қабырғасының тонусын қалып- тандыруға және геморроидальдық көктамырлардың шағын айналы- мын, көктамырдың ұюын азайтуға, қанның ағып шығуын жақсар- туға септігін тигізеді, бұл геморроидальдық тораптардың үлкеюіне кедергі жасайды.
Инулин – екі бағытта жұмыс істейтін пребиотик:
• ішқатудыңпайдаболусебебінеәсеретеді,ішектіңқалыптымикро- флорасының өсуін ширатады, өйткені бактериялардың адамға пай- далы түрлерінің ортасы болып табылады;
• нәжісті қалыптандыру әсеріне ие, ішектің жиырылып қимылдауын жақсартады және дәретке отыруды реттеп, ыңғайлы етеді.
Рутин көктамыр қабырғасын нығайтады, ісуі мен қабынуын азайтады. 
Рутин мен диосмин синергиялық әсерге ие және бірге ішілгенде қан тамырларының капиллярлары мен қабырғаларына әсер етеді, олар- дың өтуін азайтады және сынғыштығын азайта түседі.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Ересектерге – тамақтану уақытында күніне 1 сашеден.
Қабылдау ұзақтығы – 20 күн. Қажет болғанда ішуді қайталауға болады.

Ингредиенттері1 сашенің ішіндегісі, мгТәуліктік тұтынудың бара-бар деңгейі %1
Инулин4000,00160*
Диосмин
(МикросминПлюс(μSMIN®Plus)
300,00-
Рутин84,00280


1 ЕурАзЭҚ «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиоло- гиялық және гигиеналық талаптар».
* тұтынудың рұқсат етілген жоғарғы деңгейінен аспайды.

1 сашенің тағамдық құндылығы (10 мл): ақуызы — 4,694 г; 1 сашенің энергетикалық құндылығы (10 мл) — 48,882 кДж (11,683 ккал).

Қолданылу саласы

Инулин мен флавоноидтердің көзі – тамаққа қосылатын биологи- ялық белсенді қоспа ретінде халыққа сатуға арналған.

Қарсы көрсетілімдер

Компоненттерді жекелей көтере алмау, жүктілік, емшек емізу. Қолда- нар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Сақтау шарттары

Балалардың қолы жетпейтін 5 °C-дан 25 °C-ға дейінгі температу- рада және қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%-дан аспайтын жерде түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Өткеру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемле- кеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.

Өндірушісі

«ВТФ» ЖШҚ, 601125, Ресей, Владимир обл., Петушино ауданы, Вольгинский кенті, Заводская к-сі, 107-құр.

Тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға уәкілетті ұйым:

«Байер ҚАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав. 050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел. +7 701 715 78 46
Факс: +7 727 244 70 01
www.bayer.kz

Ерекше нұсқамалар: РелиБаланс (RelieBalance) тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспасын қант диабеті кезінде қолдануға болады. Бір сашенің құрамында 0,556 г қант бар, бұл 0,39 ХЕ құрайды.

Шығарылым нысаны: саше суспензиясы 10 мл-ден.

Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.