Релиф® Адванс, ректальді жақпамай

Қолданылуы және дозалау режимі

Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек.

Тік ішекке жақпамайды енгізу үшін аппликатордан қорғағыш қалпақшаны шешу керек, аппликаторды сықпаға бекітіп сықпадан жақпамайды асықпай сығып шығару керек. Аппликаторды жақсылап майлағаннан кейін тік ішекке оны абайлап енгізу керек. Жақпамайды сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағу керек.

Күніне 4 ретке дейін (таңертеңгісін, түнге қарай және ішек әрбір босағаннан кейін). Қолдану ұзақтығы – 10 күнге дейін.

Қолдану көрсеткіштері

  • сыртқы және ішкі геморройда;
  • айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және;
  • микрожарақаттарында, анальді қышынуда;
  • проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде.

Қосымша ақпарат

    • препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық;
    • 12 жасқа дейінгі балалар.

    25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!